Стратегия және бюджет басқармасы

Алматы қаласы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2018 жылдың екінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрдің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізудің Үлгілік ережесінің  8 тармағына сәйкес Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізілді:

1) бөлімше қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  іздеп табу;

2) бөлімшеде  ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  іздеп табу;

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2018 жылдың бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша аналитикалық анықтама

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрдің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізудің Үлгілік ережесінің  8 тармағына сәйкес Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізілді:

  • бөлімше қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  іздеп табу;
  • бөлімшеде ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін  іздеп табу;

Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2017 жылдың екінші жарты жылдығындағы өткізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдау анықтама

Қазақстан Республикасы Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы  №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Үлгілік ережесінің 8 тармағына сәйкес, Алматы  қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында (Басқарма) келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

1) бөлімше қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық  актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1. Алматы  қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының  құрылымдық  бөлімшелерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық  актілерде және құқықтық  актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан  Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан  Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру  Қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес жүзеге асырылады.