Стратегия және бюджет басқармасы

Алматы қаласы

«Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласында экономикалық саясат, жоспарлау және бюджетті атқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Коммунальное государственное учреждение «Управление стратегии и бюджета города Алматы».

10. Осы ереже «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  

2. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

13. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы – Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының (ЕЫДҰ) елдерімен  салыстырылатын адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге жеткізетін  қаланы динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамытуды қамтамасыз ету.

14. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты: Экономиканың өсу қарқынын, оны құрылымдық өзгерту және еңбек өнімділігін арттыру есебінен көбейту.

15. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1)   қоғамның және бизнестің қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізуге бағытталған стратегиялық пайымды және қаланы дамыту бағдарламаларын қалыптастыру;

2)   қоғамның, мемлекеттің және бизнестің мүдделерін ескере отырып теңгерімді бюджетті қалыптастыру, сондай-ақ оның атқарылуын бақылау;

3)   бюджеттің ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамды бюджет рәсіміне тарту;

4)   бюджет қаражатын тиімді инвестициялауды және пайдалануды қамтамасыз ету.

16. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған:

1) халықаралық тәжірибені талдау және зерттеу, қаланы дамыту бойынша стратегиялық пайымды дайындау;

2) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес аумақтарды дамыту бағдарламасын, іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

3) стратегиялық даму құжаттарын орындауды өзектендіру және мониторинг, қоғамның және бизнестің қатысуымен қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлау;

4) жобалық басқаруды іске асыруды үйлестіру және мониторинг;

5) әлеуметтік-экономикалық дамуды ескере отырып, нәтижеге бағытталған ашық бюджетті қалыптастыру және оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

6) Алматы қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын игеруін мониторингілеу;

7) қоғамды хабардар ете отырып, қол жетімді интернет порталдарда бюджетті жариялау;

8) қоғам және бизнес өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, бюджетті өзектендіру;

9) бюджеттік инвестициялардың оның ішінде мемлекеттік-жекешелік жобаларының тиімділігі бойынша инвестициялық ұсыныстарды белгілеу;

10) басым инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыларды дайындау;

11) бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестицияларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау;

12) Алматы қаласында экономикалық саясат, жоспарлау және бюджетті атқару саласында басшылық жүргізу;

13) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік бағдарламаларын қарау және келісу, нәтижесінде, олар бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік  комиссияның қарауына жолдау;

14) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу;

15) Алматы қаласы бюджеттік комиссиясының жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

16) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, Алматы қаласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыру  мониторингі;

17) Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге Алматы қаласы бюджетінің жобасын жасау және оны бюджеттік комиссияның және Алматы қаласы әкімдігінің қарауына енгізу;

18) Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бюджеттік түсімдерді болжау;

19) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері шығыстарының лимиттерін, Қазақстан Республикасының, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдық көрсеткіштері және бюджеттің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы кезеңге бюджет тапшылығы көлемі негізінде жаңа бастамаларға арналған лимиттерді белгілеу;

20) инвестициялық ұсыныстарды, бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және олар бойынша экономикалық  қорытындыларды дайындау;

21)   заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің тікелей қатысуы жоспарланған бюджеттік инвестициялар, бюджет жобасына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру және қорытындысын бюджеттік комиссияның қарауына беру;

22)   инвестициялық ұсыныстарда мазмұндалған экономикалық  қорытындылары бар, бюджеттік комиссия мақұлдаған бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру;

23)   бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестицияларды іске асыруды мониторингілеу, бағалау;

24)   бюджеттік несиеберудің дұрыстығын анықтау;

25) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат кестелеріне талдауды жүзеге асыру;

26)   экономикалық ынтымақтастық, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

27)   «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

28)   елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамдық схемасының іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

29) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру жəне оны жергілікті өкілді органға ұсыну;

30) жергілікті өкілді органның шешiмi шыққан күннен бастап іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы ақпаратты мемлекеттік-жекешелік əріптестікті дамыту орталығына жолдау;

31) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын əзірлеуге немесе түзетуге қорытындыларды қалыптастыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу жəне бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;

32) төмендегілерге уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу:

мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті жобаларын консультациялық сүйемелдеу;

жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобалары шеңберінде жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына, мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу;

33) сараптама жүргізу үшін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспары мен келіп түскен материалдарды Алматы қаласының әкімдігі айқындаған заңды тұлғаға (тартылған жағдайда) жолдау;

34) мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына және/немесе бизнес-жоспарына қорытынды беру;

35) жергілікті бюджеттен шығыстарды тудыратын ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының  оң қорытындысы  болған жағдайда,  мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасы  бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мəселесін  бюджеттік  комиссияның қарауына енгізу;

36) мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттарының тізілімін жүргізу;

37) мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік əріптестік шарттары туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға хабарлау;

38) мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің жергілікті жобаларының іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органға жолдау;

39) «Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын, оның ішінде концессия шартын тіркеуге ұсыну;

40) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерге, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелеріне мониторингті жүзеге асыру;

41) төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың  жиынтық жоспарын жасау және бекіту;

42) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына және қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу;

43) мемлекеттік мекемелердің, олардың өз иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдері мен ақша шығындарының жиынтық жоспарларын тексеру және келісу;

44) республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді және Алматы қаласының бюджеттік қаражаттарын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің игеруін мониторингілеу;

45) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте бюджеттің атқарылуы бойынша есептерді жоғары тұрған органдарға ұсыну;

46) Алматы қаласының кіріс көздеріне, шығыстарына, оны орындау мақсатында және жергілікті атқарушы органдардың резервіне мониторингті жүзеге асыру, орындалмау себептерін айқындау;

47) кредиттік шарттар талаптарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерге қызмет көрсету және өтеу;

48) тұрғын үй құрылысын қаржыландыру шеңберінде ішкі нарықта айналдыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару;

49)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Алматы қаласы әкімінің «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

2) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу;

3) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын белгіленген тәртіпте енгізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арыз беру;

5) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдар сұраған ақпаратты беру;

6) Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыратын жұмыс топтарының құрамына кіру;

7) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

8) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды және кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

9) Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысу;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

18. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін басшы жүзеге асырады.

19. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

20. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары бар.

21. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға  бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін жеке жауап береді;

2) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мемлекеттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

 

4. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

23. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

24. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

  

5. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.